SVOY UPGRADE - бір пәтерден басталатын үлкен мүмкіндік
Пәтер сатып алу - өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Сіз болашақ үйіңізді таңдап, жаңа өмір кезеңін жоспарлайсыз, жаңа кеңістіктегі бақытты сәттерді елестетесіз. Ал егер жаңа пәтермен бірге одан да үлкен мүмкіндікке ие болсаңыз ше?
SVOY UPGRADE - SVOY DOM компаниясының сатып алушыларына арналған арнайы бағдарлама. Әрбір пәтер сатып алушы автоматты түрде бағдарламаға қатысып, өз пәтерін жоғары санатқа ауыстыру мүмкіндігіне ие болады.
1 бөлмелі пәтер → 2 бөлмелі пәтер
2 бөлмелі пәтер → 3 бөлмелі пәтер
3 бөлмелі пәтер → 4 бөлмелі пәтер
Ал 4 бөлмелі пәтер сатып алған клиентке тағы бір пәтер ұтып алу мүмкіндігі беріледі. Иә, дәл солай - тағы бір пәтер! Бұл қалай жүзеге асады?
Пәтерді сатып алғаннан кейін клиентке арнайы SVOY UPGRADE купоны табысталады және ол бағдарлама қатысушысы атанады. Тұрғын үй кешенін тапсыру уақыты жақындағанда қатысушыларға салтанатты ашылу рәсіміне SMS-шақырту жіберіледі. Дәл осы іс-шара барысында ұтыс ойыны өтіп, жеңімпаз анықталады. Мүмкін, дәл сол күні сіздің пәтеріңіз 1 б¬өлмеге кеңірек болады. Ал мүмкін, отбасыңыз тағы бір пәтердің иесі атанады.
Көбірек кеңістік. Көбірек мүмкіндік. Күткеніңізден де артық.
Біз үшін пәтер сатып алу - жай ғана мәміле емес. Бұл - клиенттеріміздің өміріндегі жаңа кезеңнің бастауы, үлкен армандарға бастар маңызды қадам.
Сондықтан SVOY UPGRADE бағдарламасын жасадық — сіз жоспарлағаннан да көбірек мүмкіндік сыйлау үшін.
Сіз пәтерді таңдайсыз. Ал SVOY UPGRADE сол таңдауыңызды жаңа деңгейге көтеруі мүмкін.