Сіздің қалаңыз
Жылжымайтын мүлік және сатып алушыларды қолдау мәселелері бойынша бірыңғай байланыстар
біздің бас кеңселеріміз:
Астана, Тұран даңғылы, 42
Алматы, Мақатаева, 168/1
Барлық байланыстар →Рахмет! Сіздің өтінішіңіз жіберілді.
14 қарашада Астанадағы жаңа TAMGALY тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің таныстырылымы өтеді.
Жоба Нәжімеденов көшесінде, Damu Mall сауда орталығының жанында орналасқан.
TAMGALY — жайлылық, заманауи технологиялар мен қауіпсіздікті үйлестірген кірпіш тұрғын үй кешені. Кешен 9 және 12 қабатты үйлерден тұрады: 7 кіреберіс және барлығы 299 пәтер.
Пәтерлердегі төбе биіктігі — 3 метр, терезелер мен есік ойықтары кеңейтілген. Үйлерде FUJI лифтілері және Prado болат панельді радиаторлары орнатылған.
Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін саусақ ізімен ашылатын смарт-құлыптар, Hikvision компаниясының Face ID функциясы бар бейнедомофондары, бейнебақылау жүйесі және жабық аула қарастырылған. Сондай-ақ кешенде өтпелі кіреберістер, паркинг, балалар арбаларына арналған бөлмелер және кондиционерлерге арналған арнайы себеттер бар.
Пайдалануға беру мерзімі — 2027 жылдың IV тоқсаны.
SVOY START TAMGALY — 14 қарашада.