Сіздің қалаңыз
Жылжымайтын мүлік және сатып алушыларды қолдау мәселелері бойынша бірыңғай байланыстар
біздің бас кеңселеріміз:
Астана, Тұран даңғылы, 42
Алматы, Мақатаева, 168/1
Барлық байланыстар →Рахмет! Сіздің өтінішіңіз жіберілді.
28 қарашада Астанадағы жаңа AIALY тұрғын үй кешенінің таныстырылымы өтеді.
Жоба Хусейн бен Талал және Қасым Қайсенов көшелерінің қиылысында, EXPO мен Республикалық бас мешіттің жанында орналасқан.
AIALY — жайлылық, заманауи технологиялар мен қауіпсіздікті үйлестірген комфорт+ санатындағы кірпіш тұрғын үй кешені. Кешен 7, 9 және 12 қабатты үйлерден тұрады: 7 кіреберіс және барлығы 368 пәтер.
Пәтерлердегі төбе биіктігі — 3 метр. Терезелер мен есік ойықтары кеңейтілген, пәтерлер жақсартылған бастапқы әрлеумен тапсырылады. Үйлерде техникалық қабат қарастырылған.
Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін Face ID функциясы бар смарт-құлыптар мен бейнедомофондар, бейнебақылау жүйесі және жабық аула қарастырылған. Сондай-ақ кешенде өтпелі кіреберістер, паркинг және кондиционерлерге арналған арнайы себеттер бар.
Кешеннің жанында Мәңгілік Ел даңғылы, KIS, BINOM мектептері және №88 мектеп-лицейі, Білім-инновация лицейі, ҚР Президенті Іс басқармасының ауруханасы, MEGA Silk Way және MEGA Garden сауда орталықтары, сондай-ақ Нұра-Есіл жағалауы орналасқан.
Пайдалануға беру мерзімі — 2027 жылдың IV тоқсаны.
SVOY START AIALY — 28 қарашада.